Шенеунік Маңғыстаудағы вандализмінен кейін кешірім сұрады

28 тамызда Ақтөбедегі Зағиптар мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев өзінің Facebook-тегі парақшасында Маңғыстауда түсірілген атышулы видеодағы ісі үшін барша қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Манас Көшербаев өзіне қатаң үкім шығармауды өтінді.

"Мен Көшербаев Манас Маратұлы 24 тамызда Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Ыбықты сайда болған жағдайға байланысты түсініктеме бергім келеді. Ыбықты сай-Маңғыстаудың көркем жерлерінің бірі. Өкініштісі, қараусыз қалған. Жолы өте нашар, жан-жағы қоқысқа толы. сол әдемі, керемет үңгірдің іші толған жазу, әдепсіз сөздер. Сондай бір дөрекі сөзді әдемі есімге айналдырмақ ниетім ғана болды. Аңдаусыз жаза бастым! Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Аса қатты сөкпеңіздерші!! Тарихи жерге қылдай қиянат қылу ойымда да болмады. Барша отандастарымнан, Маңғыстау жұртынан басымды иіп кешірім сұраймын! Ғафу етіңіздер!" - деді ол.

Көшербаев сонымен қатар жартастағы түрлі жазулар мен суреттерді көрсетті.

2023 жылдың 26 ​​тамызында Қазнетте ер адам Маңғыстау облысындағы Ыбықты-Сай шатқалының әктас қабырғасында балға мен бұрағыштың көмегімен есімін жазып жатқаны түсірілген видео пайда болды. Кейін жартасты бұзушы азамат Ақтөбе қаласындағы Зағиптар мәдениет үйінің директоры болып шықты.

Ақтау Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: