Елімізде ұлттық парктер аумағына қонақүйлер, визит-орталықтар мен қазақ ауылдарын салу жоспарлануда

Фото: pexels
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 2026 жылғы 9 маусымда өткен Үкімет отырысында елдің ұлттық парктеріндегі туризмді дамытуға бағытталған жобалар туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, Алматы өңіріндегі ұлттық парктер тәжірибесі басқа табиғи аумақтарда да кеңінен қолданылатын болады.

"Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инвестициялық жобалар портфелі қалыптастырылды. Ол 10 өңірде 100 гектардан астам аумақта жүзеге асырылатын 23 басым жобаны қамтиды. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 31,6 млрд теңгеден асады. Жобалар экотуризм инфрақұрылымын дамытуға бағытталған: туристік маршруттар мен экосоқпақтар, визит-орталықтар, эко-қонақүйлер, глэмпингтер, кемпингтер, қазақ ауылдары және керуен туризміне арналған орындар салынады", – деді министр.

Атап айтқанда, Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем ұлттық паркі аумағында эко-қонақүйлер салу жоспарланып отыр. Ал Ақмола облысында Зеренді және Шалқар көлдері маңында бес жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалардың жалпы құны 8 млрд теңгені құрайды.

"Бұл бастамалар су жағасындағы демалысты дамытуға, сервистік инфрақұрылым қалыптастыруға және өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталады", – деді Ерлан Нысанбаев.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысындағы Қатонқарағай ұлттық паркі аумағында төрт нысаннан тұратын туристік кластер іске қосу жоспарланған.

Министрдің айтуынша, бұл жобалар жаңа орналастыру орындарын көбейтіп, туристік қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы барлық жоба толық іске асса, күніне келушілер саны 3 500 адамға дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, ол жергілікті әкімдіктерге инженерлік инфрақұрылымды (жол, су, электр) тезірек жүргізу қажет екенін де атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Пышақ ала жүгірген сталкер сот залынан босатылды - сот неліктен мұндай шешімге келді

Зейнетақы мұрагерлері енді марқұмның зейнетақы жинағын түгелдей шешіп ала алады