Орынбор мен Алматы арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Татарстанның "ЮВТ Аэро" әуе компаниясы Орынбор мен Алматы арасында тұрақты тікелей әуе рейстерін іске қосады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы рейс 2026 жылғы 25 шілдеде орындалады.

Сурет: uvtaero.ru

Тамыз айынан бастап рейстер аптасына бір рет – жексенбі күндері қатынайды. Ұшулар Bombardier CRJ-200 өңірлік ұшағымен жүзеге асырылады. Бұл әуе кемесі 50 жолаушыға дейін тасымалдауға арналған.

"Жаңа бағыт Қазақстан мен Ресей арасындағы көлік қатынасын кеңейтіп, іскерлік және туристік байланысты дамытуға қосымша мүмкіндік береді",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін Ұлыбритания толықтай электронды визаға көшкенін жазған болатынбыз.

Ресей
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

Тибетте қатты жер сілкінісі болды