Денсаулық сақтау министрінің міндетін Жандос Бүркітбаев атқаратын болды

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқару Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Қонысұлы Бүркітбаевқа жүктелсін. ҚР Премьер-министрінің өкімі

Жандос Бүркітбаев 2021 жылдың 22 қаңтарынан бастап ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарып келеді.

Жандос Бүркітбаев 1972 жылы 27 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

* Асфендияров атындағы мемлекеттік медициналық университеті (1996) – "Емдеу ісі" мамандығы;

* Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ (2003) – "Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару" мамандығы;

* Оңтүстік Қазақстандағы медициналық академия (2007) – "Фармация" мамандығы ;

* Қазақстан медициналық университеті ҚДЖМ (2018) – Денсаулық сақтау магистрі;

* "Тұран-Астана" университеті (2020) – "Құқықтану" мамандығы.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық жедел медициналық көмек клиникалық ауруханасының дәрігерінен бастады. Содан кейін Алматыдағы республикалық апаттар медицинасы орталығында дәрігер болып жұмыс істеді.

1999-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің түрлі құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді, бас маманнан бөлім меңгерушісіне дейінгі лауазымдарды қатарынан атқарды.

2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2008 жылы Астана қаласындағы «Қан орталығы» ШЖҚ РМК директоры.

2011-2019 жылдары – «Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығы» ШЖҚ РМК директоры.

2019-2021 жылдары – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС басқарма төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықты құру және салу жөніндегі жобалық топтың жетекшісі.

2021 жылғы 22 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды.

20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойды Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатты.

Қазақстан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: