ҚР ИИДМ басшысы Румыния Парламентінің бір топ депутатымен кездесті

Сурет: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов сенатор Кристиан-Аугустин Никулеску-Цыгырлаш бастаған Румыния Парламенті депутаттарын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Министр Румыния парламентшілерін экспорттық және импорттық операциялар кезіндегі көлік және логистика, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы ынтымақтастық перспективаларымен, сондай-ақ инвесторларға ұсынылатын мүмкіндіктермен таныстырды. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ тікелей жүк және жолаушылар әуе бағыттарын ашу жайын талқылады. 

Сурет: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Келіссөз соңында тараптар сындарлы диалог үшін ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Румыния арасындағы қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

2021 жылдың 10 айында Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымы 39% артып, 1,4 млрд АҚШ долларына жетті (2020 жылдың бұл  кезеңінде 1,1 млрд АҚШ доллары болған).

Қазақстанда Румын капиталының қатысумен 24 компания тіркелген. Румынияда қазақстандық капиталдың қатысуымен 17 заңды тұлға жұмыс істейді.         Румыниядан Қазақстан экономикасына салынған инвестиция – 1,57 млрд АҚШ доллары (2005 жылдан 2020 жылға дейін).

Қазақстан
Атамқұлов Бейбіт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды