Министрліктерде, барлық деңгейдегі әкімдіктерде, ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелерде штат санының лимиттері өзгереді. Сондай-ақ, орынбасарлардың шекті саны анықталды.
Штат саны қаншалықты қысқаратыны құжатта нақты көрсетілмейді. Бұл ақпарат "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бойынша орналасқан.
Сонымен бірге, орталық және жергілікті атқарушы органдарға 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін және 2023 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде қосымшаларда және қаулыда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізу бұйырылады.
Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.