Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның өтініші орындалды

ОСК Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы, 1995 жылғы 16 қазандағы "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" ҚР Контитуциялық заңының 24-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасын негізге ала отырып, оның өтінішін қабыл алған.

Өтініш беруге байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Тілеухан Бекболат Қанайұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату белгіленсін.ОСК хабарламасы

Бекболат Тілеухан 1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған.

Білімі жоғары, 1993 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «концерттік орындаушы» мамандығы бойынша,

1998 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетін «инженер-металлург» мамандығы бойынша бітірген.

1996-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті оркестірінің көркемдік жетекшісі.

2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет комитетінің төрағасы.

2002-2004 жж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі.

2004-2007 жж. – ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2007-2011 жж. – ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 – қазіргі кезге дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті.

2016-2021жж – VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2021 жылғы 15 қаңтардан бастап VІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.

Хабарламаға байланысты Бекболат Қанайұлы әзірге комментарий берген жоқ.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: