ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевтің мәліметінше, 2021 жылғы 20-25 желтоқсанда өткізілген сауда қорытындысы бойынша АГТС үшін сатып алу бағасы:
· ҚазГӨЗ – тоннасына 130 684 теңге немесе литріне 77 теңге;
· АМӨЗ – тоннасына 109 872 теңге немесе литріне 65 теңге.
Логистикалық шығындарды ескере отырып, Маңғыстау облысының АГТС-тері үшін газдың өзіндік құны тоннасына 136 723 теңге немесе литріне 80 теңге шегінде қалыптасты.
Маңғыстау облысындағы ағымдағы бөлшек бағасы литріне 100-ден 120 теңгені құрайды. Сәйкесінше, АГТС маржасы литріне 20-40 теңгені немесе 25-50%-ді құрады. Бұл бізге АГТС арасында мүмкін болатын баға алыпсатарлықтары туралы болжам жасауға негіз береді. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев
Бүгін Үкіметте Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін комиссия құрылғаны хабарланған болатын.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының автогаз толтыру станцияларының иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120-дан 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады.
Ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және баға дәліздерін белгілеу жолымен газ бағасының алыпсатарлық секірулеріне жол бермеу жөніндегі жүйелі шаралар іске асырылатын болады.