"Самұрық-қазына" қорының сатып алу тәртібін түбегейлі қайта қарау қажет. Мұнда бір көзбен алу тәсілі мен мемлекеттік сатып алу үлесін қысқарту мәселесін пысықтау керек. Қаржы министрлігі аталған тәсілмен мемлекеттік сатып алудың негізділігі бойынша тиісінше бақылауды қамтамасыз етсін. "Самұрық-қазына" қоры Қаржы министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп, қор мен оның еншілес компанияларының сатып алуды жүзеге асыру процесін бір құжат деңгейде қайта қарасын. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов
Бұған қоса үкімет басшысы экономика мәселесі бойынша Экономика министрлігіне бірқатар міндеттер жүктеді. Соның кейбіріне тоқталып өтсек.
Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне 20 қаңтарға дейін "Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын" дайындауды тапсырды.
Бағдарламада жоспарланатын шаралар осы жылы іске асырылуы тиіс. Әлихан Смайылов
Сонымен қатар аталған министрлікке мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәсілдері мен кейбір даму институттарының қызметін түбегейлі қайта қарау тапсырылды.
Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен және "Атамекен" кәсіпкерлік палатасымен бірлесе отырып, шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің ашық әрі түсінікті механизмдерін барынша қысқа мерзімде дайындау тапсырылды.ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов
Бұған қоса, Ұлттық экономика министрлігіне Ұлттық банкпен және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары кешенін жаңартып, қабылдау жобасын Үкіметке енгізу міндеті жүктелді.
Салалық бағдарламалар да назардан тыс қалмады. Әлихан Смайылов мүдделі мемлекеттік органдарға Батыс және Оңтүстік өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, "Ауыл – ел бесігі", "Бизнестің жол картасы" және т.б. салалық бағдарламалары аясында жекелеген бағыттарды әзірлеу тапсырылды.