Жоғарғы cоттың судьясы Қанат Мусин қызметінен босатылды

Сурет: Парламент сенатының баспасөз қызметі
Сенат Жоғарғы cоттың судьясы Қанат Мусинді қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz
Мемлекет басшысының Қанат Сергеевич Мусинді басқа лауазымға тағайындауға байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсынысы енгізілді. Мемлекет басшысының биыл 11 қаңтардағы Жарлығымен Қанат Сергеевич Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалды. Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп

Сенаторлар бұл шешімді қолдап дауыс берді.

Қанат Мусин 1966 жылғы 27 ақпанда Целиноград (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқыған. Мамандығы – заңгер.

Қанат Мусин әр жылдары жауапты қызмет атқарды. Астана қаласы прокурорының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2016 жылы Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болып сайланды.

2021 жылғы қаңтарда VII шақырылым депутаттығына қайта сайланып, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетін басқарды.

2022 жылы 11 қаңтарда Қанат Мусин ҚР Әділет министрі болып тағайындалды.

ҚР Бас прокуратурасы
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады