Министрлік тәртіпсіздік кезінде ұсталған БАҚ өкілдері туралы пікір білдірді

Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталған журналистер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бүгінгі таңда ҚР аумағында БАҚ өкілдері үшін тиісті айырым белгілері бекітілген Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) қызметінің қағидалары қолданылады.

Кеудеше, жеңдегі таңғыш, жапсырма журналистің айырым белгілерінің нысандары болып табылады. Көрсетілген айырым белгілерін тағып жүру кезінде олардың анық көрінуін қамтамасыз ету қажет.

Министрлік БАҚ өкілдерін ұстап алудың әрбір жағдайын мұқият тексереді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен бірлесіп, барлық фактілер бойынша тексеру жүргізіліп, зерделенуде.ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Министрліктің мәлімдеуінше, ұстап алу фактілерін анықтаудағы негізгі проблемалар – журналистерде айырым белгілерінің болмауы, бұл оларға қатысты кәсіби қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат беруде проблема тудырды.

Бұдан басқа, оқиғалардың көрсетілген кезеңінде БАҚ-тың жекелеген өкілдері Қазақстан Республикасында «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңнаманы бұзу фактілері бойынша, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттері және тікелей өздерінің кәсіби қызметтерін жүзеге асырмағаны үшін ұсталды.

Министрлік төтенше жағдай режимінің талаптарына түсіністікпен қарауға және оны қатаң сақтауға, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды жария ету кезінде журналистердің айырым белгілеріне ие болуға шақырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды