«Қазақстан халқына» қорының төрағасы болып Болат Жәмішев тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қоры (ҚӘҚ) құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қор келесі міндеттерді орындайтын болады:

- Қазақстан Республикасының халқына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша қайырымдылық көмек көрсету;

- төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде Қазақстан Республикасының зардап шеккен халқына көмек көрсету;

- халықтың әлеуметтік осал топтары және осал топ балаларына спорттық инфрақұрылымның дамуы және қолжетімділігін арттыру бойынша жәрдемдесу;

- Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларына және басқа да көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, қолдау;

- Қор қызметінің басқа бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету.

 Қорды қаржыландыру жеке қайнаркөздерден, халықаралық қайырымдылық ұйымдарының қаражатынан, лотерея қызметі операторының, ставкаларды есепке алу орталығының және басқа да монополистердің міндетті аударымдарынан, ірі бизнес тарапынан тұрақты аударымдарынан, қайырымдылыққа, оның ішінде квазимемлекеттік секторға арналған қаражаттан жүзеге асырылатын болады.

Қордың Қамқоршылық кеңесі "Қазақстан халқына" бірауыздан ҚӘҚ төрағасы қызметіне Болат Жәмішевтің кандидатурасын ұсынып, қолдады.

 

Сурет: "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры

"Қазақстан халқына" ҚӘҚ – ның жоғары басқару органы ретінде Қорға қатысушылардың жалпы жиналысы, бақылаушы орган ретінде Қамқоршылық кеңес, атқарушы орган болып басқарма және бақылаушы орган болып Тексеру комиссиясы тағайындалады.

Болат Жәмішев 1957 жылы 28 маусымда Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы) Алтын Емел ауылында туған.

Білімі мен білігі:

Қазақ ауылшаруашылығы институтын бітірген (1981 ж.), мамандығы - экономист.

Еңбек өтілі:

Институтты бітіргеннен кейін ғылыми қызметпен айналысты. Ұлттық банк департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, бірінші қаржы министрі, ішкі істер вице-министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің төрағасы қызметтеріне сайланған. Соңғы жылдары Еуразиялық даму банкі төрағасының орынбасары.

2007 жылы 13 қарашада Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалды.

2012 жылдың 6 қыркүйегінде Қазақстанның Ұлттық коньки федерациясының Құрметті президенті болып сайланды.

2013 жылдың 6 қарашасында Қазақстанның Өңірлік дамыту министрі болып сайланды.

2014 жылдың 6 тамызында Қазақстанның Даму банкі басқармасының төрағасы болып сайланды.

 

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: