Смайылов «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақысын аударды

Сурет: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі
ҚР Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов пен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған «Қазақстан халқына» қорына аударды, деп хабарлайды Zakon.kz

Primeminister.kz сайтының мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Қазақстанның бірнеше қоғамдық ұйымы «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын (ҚӘҚ) құрды. Қордың құрылтайшылары «Қазақстан халқына» ҚӘҚ төрағасы қызметіне мемлекет қайраткері, белгілі қаржыгер Болат Жәмішевті сайлады.

Бақылаушылар кеңесіне денсаулық сақтау мен білім беру салаларының белгілі қайраткерлері, сондай-ақ ҚР қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кірді. «Қазақстан халқына» ҚӘҚ денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемаларды шешумен айналысатын болады.

Қордың қызметі қоғамды біріктіруге және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға ықпал етеді. Қор жеке және мемлекеттік көздерден қаржыландырылады, сонымен қатар халықаралық қайырымдылық ұйымдарының көмегін тарту жоспарда бар.  

ҚР Үкіметінің басшысы Ә.Смайылов пен ҚР Премьер-министрі кеңсесінің қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын «Қазақстан халқына» қорына аударды. Үкімет бизнес өкілдерін, ең алдымен, ірі бизнесті әлеуметтік жауапкершілік танытып, Қорды қаржыландыруға көмек көрсетуге шақырады.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді