Ералы Тоғжанов: Ауру өсімінің шыңы әлі алда

Сурет: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-да өткен брифингіде Қазақстанның қолында коронавирусқа қарсы қанша вакцина барын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазір арқаны кеңге салатын уақыт емес, ауру өсімінің шыңы әлі алда. Егер біз пандемия кезеңіндегі қайғылы оқиғаларды қайталағымыз келмесе, санитарлық қызметтердің нұсқауларын жадымызда сақтап, оны қатаң сақтауымыз қажет. Сондықтан әрбір қазақстандыққа өз денсаулығына, жақындарының, туыстарының денсаулығына алаңдаушылық танытып, қысқа мерзімде вакцина алуға және ревакциналаудан өтуге кезекті рет баса кеңес береміз. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов

Оның айтуынша, бұл үшін елімізде барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Елімізде жеткілікті қор бар: шамамен 5 млн доза. Оның 2,8 миллионы вакциналауға (Sinopharm, Pfizer) және қайталама вакциналауға 2,2 млн дозасы (QazVac, Sinopharm, Pfizer) арналған. 60 жастан асқан адамдарға қосымша Pfizer вакцинасы ұсынылады. Сондай-ақ, ел өңірлері 23,8 миллионнан астам вакцина дозасымен қамтамасыз етілген. Ералы Тоғжанов
Қазақстан
ВАК
Тоғжанов Ералы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз