Қазақстанның энергия жүйесі қалпына келтірілді

Орталық Азияның энергия жүйесіндегі электр энергиясын тұтынудан генерацияның айтарлықтай ауытқуына байланысты шамадан тыс жүктеме орын алды. Қазіргі уақытта Қазақстанның энергожүйесі қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2022 жылғы 25 қаңтарда сағат 11:59-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Орталық Азияның энергия жүйесіндегі электр энергиясын тұтынудан генерацияның айтарлықтай ауытқуына байланысты 500 кВ «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр транзиті шамадан тыс жүктелді.

Электр желілерінің зақымдалуына жол бермеу және ірі жүйелік аварияны болдырмау мақсатында «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр транзиті аварияға қарсы автоматиканың дұрыс жұмыс істеуі арқылы бөлінді, бұл Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтынушылардың тоқтан толық ажыратылуына жол бермеді. Штаттан тыс жағдай орын алған кезде Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтыну көлемі 3200 МВт құрады. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Аварияға қарсы автоматика әрекетімен тұтынушыларды 1300 МВт көлемінде электрмен жабдықтай отырып, Жамбыл ГРЭС-і, Шымкент ЖЭО-3, Қызылорда ЖЭО-6 және Алматы облысының электр станцияларының жұмысын толық тоқтатуға жол берілмеді.

Мәжбүрлі шектеулер 1900 МВт құрады. 50 Гц нормативтік жиілікте – Орталық Азияның энергия жүйесіндегі жиілік 47 Гц-ке дейін күрт төмендеді, соның салдарынан Өзбекстан мен Қырғызстанның энергия жүйелері толық өшірілді.

Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында энергия жүйесінің қалыпты режимі және тұтынушыларды электрмен жабдықтау қысқа мерзімде қалпына келтірілді. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Өзбекстан мен Қырғызстанның энергия жүйесінде тұтынушылар тоқтан толық өшірілді. Қатарлас жұмыс аясында Қазақстан тарапынан Өзбекстан Республикасындағы аварияны жоюға көмек көрсетіліп жатыр, өңірлік станциялар кезең-кезеңімен іске қосылып, электрмен жабдықтау қалпына келтіріліп жатыр.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: