Ержан Сәденов Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Ержан Сәденовті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындау туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Ержан  Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің жоғарғы мектебін тәмамдаған. 

Ішкі істер органдарында 1993 жылғы шілдеден бастап орта және аға басқарушы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол.

Әр жылдары Риддер, Өскемен қалалары полиция басқармаларының, Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы, Маңғыстау облысының Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, ІІМ жедел департамент басшысы, көліктегі полиция департаментінің басшысы болып қызмет етті.

2016 жылғы маусым айында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Полиция департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

2019 жылдың сәуір айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарып келді.

Қазақстан Тұрғымбаев Ерлан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: