Смайылов РФ Үкіметінің төрағасы Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

Сурет: ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды, делінген Үкімет басшысының сайтында.

COVID-19-дың таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның теріс салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.

2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ҚР мен РФ арасындағы екіжақты сауда-саттық 30%-ға артып, $21,8 млрд-қа жетті. Пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда сауда көлемі 21%-ға өсті.

Ресей
Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз