Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Роман Василенко Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының Өкімімен Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, - делінген құжатта.

Айта кетейік, Р. Василенко Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

1972 жылы 14 тамызда Шымкент қаласында туылған. Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Экономика, қаржы және құқық әскери академиясын үздік бітірген.

Өзінің еңбек жолын Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінде жетекші маман ретінде бастады.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінде, ҚР Мемлекеттік хатшысының хатшылығында, сондай-ақ "Назарбаев орталығы" көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінде жұмыс істеді.

ҚР СІМ-де Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші, Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болды. Әр жылдары Қазақстанның Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттарындағы елшіліктерінде дипломатиялық лауазымдарда қызмет атқарды. 2016-2019 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі орынбасары қызметін атқарды.

Төтенше және Өкілетті елшісі дипломатиялық дәрежесіне ие.

Ағылшын, француз және вьетнам тілдерін меңгерген

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады