Алматы облысында қаза тапқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік наградалар табысталды

Сурет: ҚР ІІМ
Жаппай тәртіпсіздік кезінде қызметтік міндеттерін атқару үстінде қаза тапқан полиция қызметкерлері Дархан Барғанаев пен Ербол Ержановтың отбасына "Айбын" ордені табысталды деп хабарлайды Zakon.kz

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мемлекеттік наградаларды олардың отбасыларына табыстады.

Біздің әріптестеріміз, полиция лейтенанты Дархан Барғанаев және әділет прапорщигі Ербол Ержанов өмірінің соңғы сәтіне дейін Отанға, халыққа деген адалдығын абыроймен көрсетті. Олар біз үшін әрқашан Отанға адал қызмет етудің, ерліктің және парызға беріктіктің үлгісі болады. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев

Министр полицейлердің күнделікті жұмысы өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретінін атап өтті.

Ербол Ержанов ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет атқарса, Дархан Барғанаев ішкі істер органдары жүйесінде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келген.

Қазақстан
Тұрғымбаев Ерлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды