Қазақстанда газ бағасы 2024 жылға дейін бекітіледі

Сурет: pixabay
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ел президентінің қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанда шикі және тауарлық газдың бағасы 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін өткен желтоқсанның деңгейінде бекітілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Министрлер кабинетінің басшысы атап өткендей, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында үкімет инфляцияның төмендеуін бақылау, тарифтік саясатты жетілдіру, қаржылық тәртіп пен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруға басымдық береді.

Ішкі нарықты молайту, тапшылықты болдырмау үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің өндірісі ұлғайтылады.

Ұлттық тауар өндіруші жүйені құрудың бірінші кезеңі де жүзеге асырылады. Ішкі нарықтық қосымша 150 мың тонна сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етіледі, шикі тауарлық газдың бағасы өткен 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін өткен жылдың желтоқсан айының деңгейінде бекітіледі.ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов

Ол тарифтік саясатты жетілдіру шаралары аясында табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын арттыру және олардың инвестициялық бағдарламаларды іске асыруын бақылауды қамтамасыз ету бойынша заңнамалық шаралар қабылданатынын айтты.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты