Смайылов Қырғызстан Үкіметінің басшысымен келіссөз жүргізді

Инвестиция Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Қырғызстан Республикасының Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровпен екіжақты келіссөз өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіп және отын-энергетика кешені, экология, білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады, делінген primeminister.kz сайтында.

Екіжақты сауда көлемін арттыру аясында тараптар жеткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің номенклатурасын кеңейту жөнінде пікір алмасты. Бұдан басқа, бірлескен индустриялық сауда-логистика кешенін құру мәселесін іске асыру басталды.

Қырғызстан – Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы маңызды сауда серіктесі. Өзара сауданың оң серпінінің қалпына келуін атап өткім келеді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша сауда көлемінің шамамен 15%-ға артқаны байқалады, — деді Әлихан Смайылов келіссөз кезінде.

Автомобиль өнеркәсібі бойынша ынтымақтастық шеңберінде қырғыз тарапы автокөлік техникасын сатып алу және лизинг мәселесін қарастыруда. Қазіргі уақытта техникалық мәселелер пысықталып жатыр.

Трансшекаралық сулар және энергетикалық ынтымақтастық бойынша тараптар трансшекаралық өзендердің ағысы мәселесін реттеді, соның нәтижесінде екі мемлекет үшін де вегетациялық кезеңде Сырдария, Шу және Талас өзендерінің бассейндерінде судың азаюының ықтимал теріс салдарының алдын алу шаралары қабылданды. 

Бұдан басқа, тараптар өзге де өзекті мәселелер мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасты.

Қырғызстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады