Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысы жайында түсініктеме берді

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған қазақстандық әскерилер мен әскери техниканы Украинаға жіберу туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін ҚР Қарулы күштерінің әскери контингентін жіберу туралы шешімді ел Президентінің тиісті ұсынысы негізінде Парламент қабылдайды. Парламенттің тиісті қаулысы қабылданғанға дейін Қорғаныс министрлігінің әскери контингентті қандай да бір мемлекетке жіберуге өкілеттілігі жоқ. Қорғаныс министрлігі аталған мәселе бойынша келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ.Қорғаныс министрлігі

Жеке құрамды ауыстыруға, оқытуға, жаттықтыруға қатысты Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік даярлығын арттыру шаралары жоспарлы түрде жүргізіледі.

Сонымен бірге министрлік биыл 25 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қарағандыдан Гвардейск гарнизонына, сонымен қатар Алматыдан Ақтау гарнизонына әскери техника жіберілгенін еске салды

2022 жылғы 1-4 наурыз аралығында Шымкенттен Таразға, Түркістанға, «Айша-бибі» полигонына және кері бағытта Қарулы күштерге тиесілі техникалардың қозғалысы жоспарланып отыр. Аталған кезеңде жөндеу жүргізу үшін әскери техникаларды темір жол көлігімен Батыс Қазақстаннан елдің оңтүстік бөлігіне жоспарлы түрде жеткізу жүзеге асыралады, - делінген министрлік хабарламасында.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: