Мариупольде 18 қазақстандық қалды – ҚР СІМ

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Мариупольде әлі 18 қазақстандықтың қалғанын хабарлады. Олармен ешқандай байланыс жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі таңда қазақстандық дипломаттар Қазақстан Республикасының 822 азаматына Украинадан шығуға көмек көрсетті. Оның ішінде 726 адам Польшаға, қалғаны Молдова, Румыния, Венгрия және Словакияға аттанды.

15 наурызда Катовицеден 89 Қазақстан азаматы бар бесінші эвакуациялық ұшақ келіп қонды.

Қазіргі уақытта Катовицеде және Украина – Польша шекарасынан өтуге кезекте тұрған Қазақстан азаматтары жоқ. Харьковтағы эвакуациялау пунктінде үш жерлесіміз бар. Сумы қаласында бір қазақстандық бар, онымен тұрақты байланыс орнатылған. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің мәліметінше, Мариупольдегі қазақстандықтардың жалпы саны – 18 адам.

Электр қуатының және телефон байланысының үзілуіне байланысты олармен байланыс орнату мүмкін емес. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Қазақстандық 57 жүк көлігінің Қазақстан Республикасы дипломаттарының көмегімен 51-і Украина аумағынан шығып кетті, ал қалған алты көлік жүргізушілеріне барынша қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін 587 қазақстандық төрт репатриациялық рейспен Қазақстанға жеткізілген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды