Үкіметте әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыру шаралары баяндалды

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыру бойынша қандай шаралар қабылданатынын ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Ерлан Баттақов 18 наурыз күні өткен Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елімізде азық-түлік тауарларының 1,3 миллион тонна қоры бар. Вице-министрдің айтуынша, бұл халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті.

Сонымен қатар ведомство өкілі бағаның негізсіз өсуіне және алыпсатарлыққа жол бермеу үшін республикалық және жергілікті атқарушы органдар дүкендердің сауда үстемесін сақтау бойынша тұрақты тексеру жүргізетінін айтты.

Бұған қоса ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін қаржыландырудың жалпы көлемі 140 млрд теңгеге дейін арттырылатынын атап өтті.

Айналым схемасы шеңберінде сатып алуды қаржыландыру 54,6 млрд теңгеден 100 млрд теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды. Ал тұрақтандыру қорларын есепке алатын болсақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін қаржыландырудың жалпы көлемі 140 млрд теңгеге дейін жеткізіледі. ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Ерлан Баттақов

Жиын барысында вице-министр бағаны тұрақтандыру құралдарын жетілдіру мақсатында әзірленіп жатқан шараларға тоқталып өтті.

Министрлік үкіметке әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатып алу көлемін ұлғайту үшін 3 бағыт бойынша тауарлар бөлінісінде азық-түлік сатып алуды ұсынды

Баттақовтың айтуынша, «бұл тәсілдер азық-түлікті қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» .

Қазақстан
Сұлтанов Бақыт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді