Тауар туралы ақпаратты қамтитын QR-кодтарды пайдалану ұсынылды

Сурет: primeminister.kz
Нұр-Сұлтанда Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Онда сауда саласындағы техникалық реттеу шаралары талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Primeminister.kz-тің хабарлауынша, жиында бизнес-қауымдастық өкілдері импортталатын тауарларға қатысты мемлекеттік тілдегі этикеткалар мен қосымшаларды бекіту жөніндегі заңнама талаптарын уақытша алып тастауды ұсынды. Отырысқа қатысушылардың айтуынша, мұндай шешімді қабылдау этикеткаларды әзірлеуге, оларды көбейтуге және бекітуге қатысты бизнес шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Оған балама ретінде сөрелерде тауарлар туралы барлық қажет ақпаратты қамтитын тауарлық QR-кодтарды уақытша пайдалану ұсынылды.

Өз ұсынысында бизнес-қауымдастық өкілдері Мемлекет басшысына дағдарыс жағдайлары кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік бақылау, халықаралық міндеттемелерді сақтау шеңберінде және тағы басқа реттеудің өзге де тәртібін белгілейтін тапсырмалар жүктеуге немесе актілер қабылдауға мүмкіндік беретін Президенттің 2020 жылғы 20 наурыздағы №286 Жарлығының ережелерін басшылыққа алды.

Премьер-Министр отандық бизнес өкілдерінің бастамасын қолдап, ҚР Президентінің тиісті Жарлығының жобасын дайындауды, сонымен қатар оны осы аптаның соңына дейін Мемлекет басшысының қарауына енгізуді тапсырды. Жедел штабтың келесі отырысы 24 наурызда өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды