Жағдай құбылмалы – ҚР ИИДМ басшысы үй бағасы туралы

Сурет: Zakon.kz
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев үкімет кулуарында Қазақстандағы баспана бағасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Қазіргі жағдай, өкінішке қарай, өте құбылмалы. Басты материалдардың бірі саналатын арматура 10 күн бұрын 480 мың теңгеге бағаланса, кейін 450 мың, үш күн бұрын 418 мың, бүгін таңертең 415 мың болды. Яғни динамика төмендеп келеді. Біз бірінші тоқсаннан өтуіміз керек, сонда шамамен баға динамикасы анық болады. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев

ҚР ИИДМ басшысы мемлекет тұрғын үй құрылысын ынталандыратынын атап өтті. Министрдің айтуынша, сумен, жылумен, электрмен қамту мәселелері де қатар шешіледі.

Ол сонымен қатар құрылыс көлеміне де тоқталып өтті.

Біз құрылыс саласын жинап, мемлекеттің алдағы бес жылда әр облыста қанша тұрғын үй салуды жоспарлап отырғаны туралы параметрлерді бердік. Мұны құрылыс саласы білсін әрі бизнесті осы көлемге сәйкес жүргізсін деп істедік. Тұрғын үй салумен қатар, су, жарық, жол және басқа да инфрақұрылымдарды тартуымыз керек.Қайырбек Өскенбаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды