СҚО-да мал арасында қауіпті жұқпалы індет таралды деген күдік бар – министр

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданына қарасты төрт шаруа қожалығындағы малдың қырылуына қатысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы құзырлы органдар тиісті жұмыстарды жүргізіп жатқанын айтты.

Ринотрахеитке күдік бар. Тексеріліп жатыр, диагноз қойылса, карантиндік шаралар енгізіліп, екпе салу, залалсыздандыру сияқты жұмыстар жүргізіледі. Әлі диагнозы нақтыланған жоқ, дегенмен жұқпалы ауруға күдік бар. Ербол Қарашөкеев

Бұл ретте министр халық малды өз бетінше өртеп жатыр деген қауесетті жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл процеске мал дәрігерлері де тартылған.

Инфекциялық ринотрахеит – қызба, жоғары тыныс жолдары, көздің, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтарының қабынуы және орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен сипатталатын аса жұғымтал вирус тудыратын ауру. Жасы мен жынысына қарамастан барлық ірі қара мал бейім. Бордақылаудағы мал жиі шалдығады. Ауру қоздырушы тікелей жанасқанда (ұрықтану кезінде) және ауа арқылы беріледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін