Астық пен ұн экспортына шектеу енгізу мәселесі қаралып жатыр – ҚР АШМ

Сурет: pixabay
Мәжіліс кулуарында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда астық пен ұн экспортына шектеу енгізу мәселесі қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Қазір астық экспортына да, ұн экспортына да шектеу қою мәселесі пысықталуда. Ресей бидай мен астық экспортына уақытша тыйым салды. Біз бұл жағдайды білеміз, бақылауда ұстаймыз. Біздің астық балансымыз жақсы. Ішкі нарықта тұтынуға жеткілікті, орташа жылдық көлем деңгейінде экспорттауға да жетеді. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев

Ол сондай-ақ Қазақстанда мұндай шараны енгізудің тиімділігін тілге тиек етіп өтті.

Экспорттаушылар ішкі нарыққа сатқысы келмейді. Бағаның көтерілуін күтіп отыр. Мұнда ұн өндірушілер мен астық өндірушілер арасында келісім болмай тұр. Экспортқа тиісті шектеу енгізіледі. Сонда экспорттаушылар өнімнің белгілі бір бөлігін ішкі нарыққа жіберуге мәжбүр болады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады