Теңге қашан доллар мен рубльден тәуелсіз болады

Сурет: Zakon.kz
Үкімет кулуарында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев теңгенің доллар мен рубльге тәуелділігі қашан тоқтайтыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бұл біздің төлем балансымыз тұрақталған кезде, экспорттық операция мен ағымдағы шот импорттық операцияны жабатын кезде болады. Яғни, валюталық түсiмдер, яғни өндiрiстiк сала мен экспорттан түсетiн түсiм артқанда, олар қомақты көлемде түседi. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

Қаржы министрлігінің басшысы үкімет атқарып жатқан жұмыстарға да тоқталды.

Үкімет ауқымды бағдарламаны жүзеге асырып жатыр, соның ішінде импортты алмастыру да бар. Импортты азырақ сатып алып, ел аумағында көбірек өндіргенде, өндірілген өнім есебінен экспорттық түсім алғанда, валюталық ағын елге құйылады. Ерұлан Жамаубаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты