Қазақстанда тағы бір жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды

Сурет: pixabay
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты бас лицензиясынан айырылды. Мұндай шешімді Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің мәлімдеуінше, университетте білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары мен біліктілік талаптары сақталмаған.

Университетті тексеру барысында көптеген заң бұзушылық анықталды. Мысалы, оқытушылардың бір уақытта әр түрлі тілде оқытатын екі түрлі топта сабақ өткізу фактілері. Бірақ мұғалімдердің оқу жүктемесінде әр топ бойынша аудиториялық сабақтар бөлек есептелген. Одан бөлек, университетте кейбір сабақтар мүлдем өткізілмеген. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту кезінде заң бұзушылықтарға жол берілген.ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Эльвира Сапарбекова

Сонымен бірге Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенттерді оқытқан білім беру бағдарламалары ҚР БҒМ тізіліміне енгізілген бағдарламаларға сәйкес келмегені белгілі болды. Соның салдарынан студенттер оқу пәндерін толық меңгермеген.

Сондай-ақ оқу процесі сапалы профессорлық-оқытушылық кадрмен қамтамасыз етілмеген

Тексеру Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі мен қажетті материалдық-техникалық базаның жоқтығын көрсетті. Бірқатар білім беру бағдарламасы бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми әдебиеттер жоқ, яғни студенттердің сапалы білім алуына жағдай жасалмаған. Мұны тест тапсырған студенттердің білім нәтижелері растады. Яғни институт студенттерінің 90 пайызы шекті балды жинай алмады.ҚР Білім және ғылым министрлігі

Айта кетейік, Үлгілік қағидалардың нормаларына сәйкес студенттер университет лицензиясынан айырылған сәттен бастап оқуын жалғастыру үшін басқа ЖОО-ға ауысуға құқылы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді