Үкіметте отын-энергетика кешеніндегі демонополизация мәселелері талқыланды

Сурет: primeminister.kz
Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кезекті отырыста мемлекеттік органдардың отын-энергетика кешенін демонополизациялау жөніндегі ұсыныстары қаралды, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов қазіргі уақытта Атырау МӨЗ және Павлодар МХЗ-де сұйытылған мұнай газын (СМГ) сақтау парктері мен құю эстакадалары технологиялық тұрғыдан бөлінгенін және жеке ұйымдарға тиесілі екенін айтты.

Тұтынушыларға сақтау және құю қызметтері қосымша ақыға көрсетіледі, бұл өз кезегінде газдың түпкілікті құнын арттырады. Осыған байланысты Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын ауыстырып тиеу және сақтау бойынша қызмет көрсететін технологиялық байланыстағы нысандарды мұнай өңдеу зауыттарының балансына қайтару мәселесін пысықтауды ұсынады.

Мұнай өнімдері нарығын демонополизациялау мақсатында Ақшолақов МӨЗ-ге мұнай жеткізудің қолданыстағы құрылымын өзгертуді, сондай-ақ одан өнімсіз делдалдарды алып тастауды ұсынды. 

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия айтылған ұсыныстарды қолдап, бірқатар тиісті тапсырмалар берілді.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты