Қанат Қасымжанов «Қазмедиа орталығының» Бас директоры болып тағайындалды

Сурет: Facebook/АҚДМ
Қанат Қасымжанов «Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Қанат Қасымжанов «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды, делінген аталған министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қасымжанов Қанат Сәкенұлы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, the University of Glasgow, Adam Smith Business School-ді бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «Казкоммерцбанк» АҚ бастап, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да, «Еуразиялық банк» АҚ-да менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, Астана халықаралық қаржы орталығының бас менеджері лауазымдарын атқарды.

Бұған дейін «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды