Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд доллардан асты

Сурет: mod.gov.kz
4 мамырда Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Өзбекстан Үкіметінің басшысы Абдулла Ариповпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынасты тереңдетудің, оның ішінде өзара сауда көлемін арттырудың, өнеркәсіптік кооперация мен су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, делінген Үкімет басшысының Telegram арнасында.

Әлихан Смайылов осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $1 млрд асқанын, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27%-ға жоғары екенін атап өтті.

Сондай-ақ тараптар «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын іске қосу секілді бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін қарады.

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды