Смайылов Ақтөбе облысында сәби өлімін азайту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

Әлихан Смайылов екі күндік жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды. Үкімет басшысы бірқатар әлеуметтік, инфрақұрылымдық және өндірістік объектілердің қызметімен танысады, сондай-ақ облысты кешенді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірге келгеннен кейін Премьер-vинистр алдымен 2021 жылдың күзінде жұмыс істей бастаған, 1200 оқушыға арналған «Білім» мектеп-гимназиясына барды.

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, білім саласын дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Биыл республикалық бюджеттен мектептер салуға 104 млрд теңге бөлінді, елімізде мыңнан астам мектепті, оның ішінде Ақтөбе облысында 56 мектепті жаңғырту жоспарланған.

Өңірде 3 апатты және үш ауысыммен оқытатын 5 мектеп бар. Сонымен қатар шамамен 12 мың бала балабақша кезегінде тұр. Осы мәселелерді шешу үшін жылдың соңына дейін 25 балабақша мен 11 жаңа мектеп салу қажет. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов

Сурет: primeminister.kz

Сондай-ақ Премьер-министр өңір басшылығына колледждерде дуалды оқытуды дамытуға назар аударып, түлектердің жұмысқа орналасуына жағдай жасау қажет екенін айтты.

Одан кейін Үкімет басшысы 2021 жылы пайдалануға берілген 190 төсек-орындық жаңа Облыстық перинаталдық орталықтың қызметімен танысты.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста нәрестелер өлімі 29%-ға, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім 47%-ға артқан. Әкімдік жаңа перинаталдық орталықтың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, нәресте өлімін азайту бойынша шаралар қабылдауы қажет. Сондай-ақ медицина кадрларының тапшылығын азайту бойынша да жүйелі жұмыс жүргізу керек, бұл үшін тиісті мүмкіндіктер қарастырылған», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-министр жұмыс сапары барысында өндірістік қуаты жылына 70 мың тонна өнімді құрайтын «Бектұрова» ЖК сауда-логистикалық орталығына барды.

Сурет: primeminister.kz

Үкімет басшысы азық-түлік бағасының өсуінің негізгі себептерінің бірі маусымаралық кезеңде азық-түліктің жетіспеушілігі екенін, сондықтан сақтау және логистика орталықтары бағаны тұрақтандырудың тиімді құралы саналатынын атап өтті. 

Сонымен қатар ол ауыл шаруашылығы өнімдерін дүкен сөрелеріне дейін делдалсыз жеткізуге мүмкіндік береді. 

«Осындай көтерме-тарату орталықтарының ашылуымен халықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету жұмыстары айтарлықтай жақсарады. Бұл бағытта әкімдіктің жұмысы маңызды. Сондай-ақ облыс басшылығы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен уақытылы форвардтық келісімшарттар жасасып, өндірушіден тұтынушыға дейін сатудың тиімді тізбегін қалыптастыруы қажет», — деп атап өтті Премьер-министр.

Сурет: primeminister.kz

Ақтөбе
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: