Мал шаруашылығының даму қарқыны мәз емес – Ауыл шаруашылығы министрі

Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев мал шаруашылығының даму қарқыны мәз емес екенін айтты. Оның айтуынша, құс етіне, терең өңделген ет және сүт өнімдеріне импорттық тәуелділік бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Барлық қажет жағдай жасалғанымен мал шаруашылығының даму қарқыны жақсартуды талап етеді. Бірқатар мал шаруашылығы өнімдері бойынша импортқа тәуелділік сақталады. Атап айтқанда, құс еті, терең өңделетін ет және сүт өнімдері бойынша қолда бар мүмкіндіктер өңірлік қана емес, дүниежүзілік мал шаруашылығы өнімдерін экспорттаушы ірі елдер қатарынан көрінуге мүмкіндік береді.Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев

Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының айтуынша, мал шаруашылығын жедел дамытуды және оның өнімділігін арттыруды басты тежейтін фактор – жем-шөппен қамтамасыз етілмеуі. Бүгінде мал азығымен 80%, шырынды жеммен 40%, концентрлі жеммен 50% қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар жайылым алқаптарының өнімділігінде проблема бар. Мұндай мәселе оларды тиісті түрде абаттандырмай тұрып қарқынды пайдалану салдарынан болып отыр.

Жеммен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында былтыр министрлік жемшөп өндіру саласын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасын әзірледі. Алайда онда көрсетілген шараларды жергілікті жерлерде жүзеге асыру бойынша әлі де жүйелі жұмыс жүргізілмейді. Мал шаруашылығын дамыту үдерісі жем-шөп базасы ескерілмей жалғасып жатыр.Ербол Қарашүкеев

Министрдің айтуынша, тағы бір мәселе – мамандар тапшылығы. Ол қазіргі таңда мал дәрігерлерінен бөлек, мал шаруашылығы технологтары мен мал өсірушілер, оның ішінде өнеркәсіптік құс шаруашылығында өткір тапшылық бар екенін атап өтті.

Қарашүкеев атап өткендей, салада жас мамандарды ұстап қалу мәселесі өзекті күйінде қалып отыр.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: