Ұшуға келетін болсақ, мұнда оларды бірнеше опцияға бөлу керек. Егер ұшулар іссапар процесімен тікелей қатысты жұмысқа байланысты болса, онда заң бойынша барлық мемлекеттік қызметкерге бірдей ұшақпен ұшуға рұқсат етілмейді, тек саяси қызметкерлер ғана ұша алады. Алайда эконом санаттың ғана ақысы төленеді.Ерұлан Жамаубаев
Министрдің айтуынша, жеке сапарларға қатысты болса, мысалы, демалыста, ешқандай шектеулер жоқ, кез келген көлік түрін, эконом немесе бизнес-класты таңдауға болады.
Литерлік ұшақтарына келер болсақ, бұл бортпен барлығына бірдей ұшуға рұқсат етілмейді. Сондай-ақ белгілі бір шарттар бар. Енді нақты нұсқаларды айта алмаймын, бұл тағы да іссапарлар қажеттілігіне, оның өзінде премьер-министрдің, ел басшылығының рұқсатымен. Ерұлан Жамаубаев
Жамаубаев іссапарға сирек ұшатынын атап өтті. Бірақ президенттің тапсырмасы бойынша әр министр енді өңірлерді аралап, халықпен кездесуі керек.
Біз негізінен эконом классты пайдаланамыз. Бірақ мен сирек ұшамын. Жыл басында эконом-класспен Түркістан, Алматы облыстарына ұштым. Қазір соммасы есімде жоқ, бюджетіміз заңға сәйкес жасалған. Ерұлан Жамаубаев