Ешқандай үлкен тәуекелдер жоқ: Ақшолақов Қазақстанда салынатын АЭС туралы айтты

Сурет: pixabay
Энергетика министрі Болат Ақшолақов халықпен кездесуінде Қазақстанға атом электр станциясы қажет екенін және бұл жобаға қатысты іс жүзінде үлкен тәуекелдер жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бізге станция керек, көмірді бұрынғыдай көлемде пайдалана алмаймыз. Көмір станцияларын бүгінде ешкім қаржыландырмайды. Газдың жағдайын өздеріңіз жақсы көріп отырсыздар, жаңа кен орындарын ашпасақ, жаңа кен орындарын игеруге инвестиция салмасақ ол аздық етеді. Атом электр станциясы бүкіл мәселені шешудің панацеясы емес, дегенмен ол сыннан өткен тұрақты энергия көзі саналады. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Ол атом электр станциясын салу жобасына қарсы адамдар болатынын және тұрғындар тарапынан түрлі қорқыныштар бар екенін мойындады.

Мен оларды жақсы түсінемін. Көптеген қорқыныштар Кеңес Одағы кезінде болған полигонмен байланысты. Бұл негізсіз емес, бірақ азаматтық энергия тұрғысынан алғанда, шын мәнінде үлкен тәуекелдер жоқ. Тек тәуекелдерді басқару және оларды дұрыс есептеу керек. Біз қазір сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ тағы қайталап айтамын: атом электр станциясы болашақ тапшылық мәселесін шешудің тиімді жолы. Болат Ақшолақов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты