Ораз Жандосов цифрлық даму министрінің кеңесшісі атанды

Сурет: Instagram/bagdatmussin
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кейде маңызды шешім қабылдау үшін тәжірибелі кісілердің кеңесі қажет боп жатады. Маған кез-келген сәтте консультация беретін аса тәжірибелі, өзім арқа сүйейтін кісілердің бірі – Ораз Әлиұлы Жандосов. Онымен Қазпоштада жұмыс істегенде танысқан болатынмын, ол кезде тәуелсіз директор болатын және Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Леонидовна Бахмутовамен бірге маған тәжірибелік тұрғыда көп қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар жасаған еді. Сонда құрылған корпоративтік басқарудың сауатты жүйесін осында, яғни ЦДИАӨМ-де енгізгім келеді. Сондықтан мен экономика саласының майталманы Ораз Жандосовқа штаттан тыс кеңесші болуға ұсыныс жасадым. Менің ұсынысымды қабыл алғаныңыз үшін алғыс айтамын!Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин

Ораз Жандосов әртүрлі жылдары Ұлттық банкті, Қаржы министрлігін басқарды, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары, «KEGOC» АҚ басшысы болды.

Қазақстан
Мусин Бағдат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты