ҚР Қаржы вице-министрі жаңадан тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Бұл лауазымға «Электрондық қаржы орталығы» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Эльдар Қазғанбаев келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Эльдар Шәмілұлы Қазғанбаев ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды, делінген ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Эльдар Қазғанбаев 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қаржы академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы коммерциялық банкте әкімшілік департаментінің персоналмен жұмыс жөніндегі басқармасында тағылымгер ретінде бастаған.

2001-2006 жылдары банк секторында жұмыс істеді.

2006-2007 жылдары — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жобаларды қарау басқармасының бас менеджері; басқарушы директор кеңсесінің фронт-менеджері.

2008-2010 жылдары — «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарушы директоры.

2011-2018 жылдары — Ақпараттық-есептеу орталығы директорының орынбасары, директоры.

2018 жылғы қазан айынан бастап «Электрондық қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы