Саясат Нұрбек мемлекеттік қызметкер ретінде ант қабылдады

Сурет: Zakon.kz
Үкімет отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалған Саясат Нұрбек мемлекеттік қызметкер ретінде ант қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыс басында премьер-министр Әлихан Смайылов Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының әкімдері отырысқа алғаш рет бейнеконференцбайланыс арқылы қосылғанын айтты. Үкімет басшысы олардың жұмысына табыс тіледі.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов мемлекет басшысының жарлығымен Саясат Нұрбекті Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі етіп тағайындағанын еске салды.

Әрі қарай министрлер кабинетінің жаңа мүшесі ретінде Саясат Нұрбек мемлекеттік қызметкердің антын қабылдады.

Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін.Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді