Қаржы министрі Есеп комитетінің мемлекеттік қарыз турасындағы сынына жауап берді

Сурет: primeminister.kz
ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгінде мемлекеттік қарыз деңгейі жалпы ішкі өнімнің 27,4 пайызына тең болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Мемлекеттік борштың өсуі республикалық бюджет тапшылығын жабу қажеттігімен және маңызды әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін қарыз алумен байланысты болды.Өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік борыш деңгейі ЖІӨ-ге шаққанда 27,4% болды әрі бүгінгі таңда қауіпсіз деңгейде сақтаулы. Бұл халықаралық қаржы және рейтингтік ұйымдардың бағасымен де расталып жатыр.Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

Министр мемлекеттік боршты одан әрі жетілдір үшін бірқатар шара қабылданатынын атап өтті.

Оның сөзінше, біріншіден, бюджет тапшылығы кезең-кезеңімен азаяды.

Екіншіден, көлеңкелі экономикамен күрес жалғасады.

Сондай-ақ ол әкімшілендіруді жақсарту және цифрландыру арқылы салықтық түсімдердің біртіндеп ұлғаятынын айтты.

Қарыз алу кезінде тек ішкі нарықтың өтімділігі барынша пайдаланылады. Бұдан басқа, заңнамада сыртқы қарыз қаражат уақытылы игерілмегені үшін мемлекеттік органның бірінші басшысының жауапкершілігін белгілеу және басқа да заң нормасы қабылданатынын атап өту керекҚазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев
Қазақстан
Жамаубаев Ерұлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды