Қазақстанда мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға дейін көтерілді

Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов елдің 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы Президенттің 207 тапсырмасының 91-і орындалғанын, 116 тапсырма орындалып жатқанын, оның ішінде 28 тапсырма аяқталу сатысында екенін айтты.

Осылайша Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. Ол макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, адами капиталды және мемлекеттік басқаруды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды. Тікелей және жанама ынталандыру шараларын қамтитын халық табысын арттыру бағдарламасы бекітіліп, жүзеге асып жатыр.

Тікелей шараларға мемлекеттік сектордағы, квазимемлекеттік және жеке сектордағы жұмысшылардың жалақысын көтеру кіреді. Жанама шаралар табыстың өсу мүмкіндігін кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.

Биыл жыл басынан бері сіздің тапсырмаңыз бойынша ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтерілді. Бұл 1,7 миллион қызметкердің кірісіне оң әсер етті. 2022 жылы әлеуметтік төлемдер екі рет индекстелді. Бұл 4,1 миллион адамға әсер етті, оның 2,2 миллионы – зейнеткер. 1,2 миллион мемлекеттік қызметшінің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру жүзеге асырылып жатыр. Білім және әлеуметтік салада жалақының өсімі биыл 25%, денсаулық сақтауда 20%-дан 30%-ға дейін өсті.Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов

Сонымен қатар жеке және квазимемлекеттік сектордағы 1,5 миллион қызметкердің жалақысын көтеру бойынша жұмыс жүргізілді.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Қазақстан Смайылов Әлихан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: