Қант үшін сөгіс: Қарашөкеев мәселені қалай шешетінін айтты

Сурет: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елдегі қант тапшылығы жағдайын қалай шешуге болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, елімізде қант саласын мемлекеттік реттеу және қолдау шаралары күшейтіледі.

Елді қантпен қамтамасыз ету мақсатында қант өнеркәсібін дамытудың кешенді жоспары әзірленеді. Онда жаңа суармалы жерлерді игеріп, қант қызылшасының егіс алқабын ұлғайту есебінен шикізат базасын ұлғайту, өндіріске енгізу, суды үнемдейтін суару технологияларын, тұқым шаруашылығын дамыту, сонымен қатар қолданыстағы қант өңдеу қуаттарын техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру, қызылша, қант зауыттарын салу және жаңғырту қарастырылады.Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев

Сонымен қатар қант импортының көлемін ұлғайту және оны өңдеу бойынша шаралар қабылданады.

Еске салайық, 14 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі қантқа қатысты жағдайға байланысты Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған еді. Президент қазір дүкендерде болып жатқан жағдайды ұят деп атады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді