Биыл шамамен 44 мың тонна қызылша қантының және 225 мың тонна құрақ қантының өндірісі күтілуде. Осылайша, отандық өндіріс есебінен қамтамасыз ету деңгейі 49% – 269 мың тонна болады деп болжануда. фАуыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев
Қазіргі уақытта елімізде жалпы тәуліктік қуаты қант құрағы бойынша 2,4 мың тонна және қант қызылшасы бойынша 8,7 мың тонна болатын 4 қант зауыты жұмыс істейді. Бұл ретте шикізаттың жеткіліксіздігіне байланысты зауыттардың жүктемесі төмен деңгейде қалып отыр.
Қант қызылшасы түсімінің төмендеуінің негізгі себебі егіс алқаптарының қысқаруы болып отыр. Мәселен, егер кеңестік кезеңде қант қызылшасының алаңы 85 мың га болса, 2014 жылға қарай елдегі қант қызылшасының егіс алаңы 1,2 мың гектарға дейін қысқарды. Бұл қант қызылшасын өсірумен айналысатын шаруашылықтардың ұсақ болуына, жоғары шығындылыққа, су ресурстарының тапшылығына, суару желілерінің тозуына және басқа да факторларға байланысты. Ербол Қарашөкеев
Министрдің айтуынша, басқа дақылдармен салыстырғанда, қант қызылшасын өндіру рентабельділігінің төмендігі байқалады. Осы себепті шаруалар үшін қант қызышасына қарағанда басқа дақылдарды өсіру пайдалы.
Өзіндік құнды талдау нәтижесі субсидиясыз қант қызылшасын өндіру тиімсіз екенін, ал қант қызылшасын өндірудің рентабельділігі қолданыстағы субсидиялардың арқасында ғана қамтамасыз етілетінін көрсетті.