Үкіметте жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары қаралды

Сурет: gov.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Отырыста Жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын қайта қарау жөніндегі ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі таңда жекешелендіру жоспарына 721 ұйым енгізілген, оның ішінде 230-ы сатылып, тағы 50-ге жуығы тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында тұр.

Бұл ретте активтерді баланстық құннан төмен сатуға тыйым салу, сатып алушы мен сатушының үлестес болуына жол бермеу, стратегиялық маңызды нысандарға мемлекеттік бақылауды сақтау бойынша заңнамалық түзетулер пысықталып жатыр.

Осыған байланысты жаңа тәсілдер негізінде жекешелендіру тізбесін өзектендіру жүргізілді. Осылайша, Жекешелендіру жоспарына бәсекелестік ортаға беру экономикаға оң септігін тигізетін жаңа ұйымдарды енгізу ұсынылып отыр. Компаниялардың бір бөлігін «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компанияларының IPO арқылы нарыққа шығару жоспарланған.

Жалпы Премьер-министр Жекешелендірудің кешенді жоспарына ұсынылған түзетулерді мақұлдады.

Қазақстан
Самұрық-Қазына
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды