Ербол Нұрғалиев Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің басшысы қызметінен кетті

Сурет: primeminister.kz
Ербол Нұрғалиев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Нұрғалиев Ербол Жолдасбекұлы берген өтінішіне сәйкес Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.ҚР премьер-министрінің Баспасөз қызметі

Ербол Нұрғалиев 1975 жылы сол кездегі Семей облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 1994 жылы Жарма ауданындағы В.И.Чапаев атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған.

2002 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2002 жылдың қарашасынан 2011 жылдың сәуіріне дейін Шығыс Қазақстан облысында әкімдік аппаратының ішкі саясат бөлімінің басшысы, әкімнің көмекшісі, Жарма және Көкпекті аудандары әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2011 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2017 жылы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.

2019 жылғы қыркүйектен қазіргі уақытқа дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды