Екінші атом электр станциясы Ертісте салынуы мүмкін

Сурет: unsplash
ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ертісте тағы бір атом электр станциясы салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Қазақстандағы екінші атом электр станциясы Ертісте, Курчатов қаласының маңында пайда болуы әбден мүмкін. Қазақстан көміртекті бейтараптық жолына түсіп жатса, бірнеше атом электр станциясын салудан басқа жол жоқ. Яғни, Ертіс болашағы зор учаске екені сөзсіз. Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов

Жандос Нұрмағанбетов қазір бұл мәселе талқыланып жатқанын айтты.

Сәтімен іске қосылып, бірінші стансаның құрылысы басталса, екінші сұрақ туады: Қазақстанда қанша атом электр станциясы болады? Бұл мәселе талқыланып жатыр. Қазақстандағы екінші атом электр станциясы Ертісте, Курчатов қаласына жақын жерде пайда болуы әбден мүмкін деп ойлаймын. Бағдарлама әзірлеп, реактор технологиясы мен қаржыландыру схемасы анықталуы керек. Министр айтқандай, осы жылдың аяғында немесе келесі жылдың басында ақпарат береміз. Энергетика министрінің орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз