Әділбек Сәрсембаев ҚР ИИДМ вице-министрі қызметінен босатылды

Сурет: gov.kz
ҚР Үкіметінің қаулысымен Әділбек Зейнуллаұлы Сәрсембаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әділбек Сәрсембаев 1978 жылы Целиноград қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын юриспруденция мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1996 жылы ҚР ҚМ Салық инспекциясының жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу бөлімінің салық инспекторы болып бастады.

2001 жылдан 2006 жылға дейін Астана қаласы әкімінің аппаратында, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі басшылық қызметтер атқарды.

2007-2009 жж. — Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, СҚО әкімі аппаратының басшысы.

Түрлі жылдары жеке меншік құрылымдарда жұмыс істеді, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік мекемелерде басшылық қызметтерде болды.

2016-2020 жж. Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының әкімі қызметін атқарды.

2020-2021 жж. — «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.

2021 жылғы наурыздан бастап ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып қызмет етті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды