"Рухани жаңғыру" әлеуметтік даму институтының атауы өзгертілді

Сурет: kior.kz
ҚР үкіметі 27 тамыздағы "Қазақстан әлеуметтік даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Рухани жаңғыру" атауын өзгерту туралы" қаулысын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Рухани жаңғыру" Қазақстанның әлеуметтік даму институты коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Қазақстан әлеуметтік даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта аталсын, - делінген құжатта.

ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігіне Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау тапсырылды.

Қаулы 2022 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енеді.

"Рухани жаңғыру" Қазақстан әлеуметтік даму институты 2019 жылдың 23 сәуірінде құрылды.

Оның қаржы капиталы республикалық бюджет қаражаты есебінен 123 850 000 теңге сомасында және 100% көлемінде "Молодеж" зерттеу орталығы ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті аудару есебінен қалыптастырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді