Юрий Ильин елдегі жаппай өртке байланысты қызметінен кетуге дайын екенін айтты

Сурет: primeminister.kz
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин егер президент Қасым-Жомарт Тоқаев шешім қабылдаса, отставкаға кетуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мен туралы шешімді тікелей басшылық – үкімет пен мемлекет басшысы қабылдайды. Құзыреті жеткіліксіз деп есептеп, отставкаға кету туралы шешім қабылданса, мен тиісінше отставкаға кетемін, - деді Юрий Ильин үкімет отырысында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Қыркүйектің басынан бері Қазақстанның бірқатар аймағында өрт өршіп тұр.

2 қыркүйекте Қостанай облысында екі орман шаруашылығының аумағында өрт шықты. Олардың аумағы 4 қыркүйекте 43 мың гектардан асты. Бірнеше ауданның тұрғындары эвакуацияланды. Өрт салдарынан 12 адам зардап шекті, біреуі қаза тапты. Төтенше жағдайға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапарымен барып, Әулиекөл ауданындағы дала өртін жою барысын бағалады.

Тек 10 қыркүйекте Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің штабы Әулиекөл ауданындағы ірі орман өрті ауыздықталғанын хабарлады. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында өрт барлық нысандарда оқшауланған.

Ал Атырау облысына келсек, 20 қыркүйек күні кешке жағдай ушығып кетті. Өрттің елді мекенге өту қаупі төнген. Тікұшақпен ұшулар болды, өртті жою үшін су төгетін құрылғы қолданылады.

Жалпы министрдің айтуынша, еліміздің өңірлеріндегі жағдай өрт қауіпті күйінде қалып отыр.

Қазақстан
Ильин Юрий

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді

Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды